Мәдениет туралы материалдар
[ скачать ]
(«Мәдениет дегеніміз не?» — деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» — кала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды алътерінативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» дегеп мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтканда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңнен жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдедиет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «кұрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманның сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықnамалар берілген: а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және.т.б.;
б) мәдениет — адамдық өркениеттің белгілі бір саласыныц жетілу деңгейі (сөйлеу мәдеииеті, еңбек мәдениеті, кұқық мәдениеті және т.б.);
в) агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.)
Ал осы ұғымдардың ішіндегі мәдениеттану пәніне алғашқы
екі ұғымды, тікелей қатысуы екендігін аңғаруға болады. Мәдниет ұғымы тарихи қалыптасудыңі ұзақ даму жолдан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни Ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асканға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір модельденген термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды Көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей Бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарасгырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәде-ниет» ұғьмының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақикат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табыладьі сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылык» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала адамдары меп қала азаматтарын бәло-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар Гелилік эллинист. Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді Полис дегеніміз — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады қажстті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халык, жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына жәие т.б. қатысуы мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өндеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. (.Гректср бұл процесті «пайдейя» (бала) деген ұғым аркылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие
дүниежүзілік рухты жүзеге асырудың құралына айналғандығы (Гегель); б) адамзат мәдениеті үздіксіз дамып өркендей отырып, революция мен прогресі жалпы заңдарына сөзсіз бағынады. Бірақ біз қарастырған мәдениеттің материалдық негізіне мән берілмей (әңгіме Л.Г. Морган мен Тайлордан бас-қа Маркске дейінгі мәдениет жайындағы концепциялар туралы болып отыр), мәдениетті тек құдайдың шапағатымен ғана байланыстырып, бұл ұғымға мәдениеттің ғылым, адамгершілік, өмір, философия, құқык. және т.б. сияқты салаларын ғана енгізген.