Музыка туралы материалдар
[ скачать ]
«Елім-ай» бағдарламасының міндетіне мыналар кіреді:
1. Казақ халқының рухани құндылықтарын және
дәстүрлі көркем мәдениетіи игеру.
2. Оқушыларда айналадағы болмысты және
қазактың халықтық өнерін музыкалы-эстетикалық
және көркемдік бағалауды қалыптастыру
3. Музыканың халық өнерінің басқа түрлерімен.
тарихпен байланысын анықтау, музыканы терең түсіну
жолында оның әр түрлі "шеңберден шығуын" кең мағынада пайдалану.
4. Қазақ халкының дәстүрлі көркем тәжірибесін тақырыптық жағынан түйсіну және сезіну.
5. Қазактың халық өнеріндегі бейнелі көркем тілде біліми, білік және машыкты қалыптастыру арқылы окыту.
6. Тұлғаның көркем-шығармашылық белсенділігін дамыту.
"Елім-ай" бағдарламасы қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетінің, халық өнерінің өмірмен байланысын дәйекті түрде ұғындыратын біртұтас жүйені керсетеді. Бұл байланыстарды (эстетикалық, отансүйгіштік) зерттеу ісінде халық өнерінің әлеуметтік кызметі бағдарламаның жетекші бөлігіне айналады. Оқу мен тәрбиенің бірінші кезеңінде (балғын шақ) екі бағыт болады: балалар, ата-аналар және балабақша ұжымымен жүмыс. Бұл кезеңнің авторлар тобы (жетекшісі А. Маханова) балаларды "Сұлулықтан — адамгершілікке" (В.А.Сухомлинский) ұранымен кешенді окыту және тәрбиелеудің белсенді түрлерін кеңінен пайдаланды.
"Елім-ай" бағдарламасы халық дәстүрлерінің ғажап айқындаушы күшіне ие терең сенімге негізделген. Бүгінде ұлттық рухани кұндылықтарды сақтау мен кейінгіге берудің табиғи жолдарын қалпына келтіру аса маңызды іс. Ол жол бұзылған, соның нәтижесінде тіл бейнелілігінде (қарабайыр теңеулер мен түсініктер), музыка мәдениетінде адамдардың әнге, күйге кұмарлығы кеміді; музыкалық кәсіби білім беруде ұлтгық музыкалық ойлау жүйесін калыптастыруға назар аударылмайды, эстетикалық талғамда (ұлттық мәнерде сөйлеу, киіну, қимыл-әрекет жоғаЛЫП барады), адамдар, арасындағы карым-катынаста (мейірімнің, ерліктің, нәзіктіктің, сенімнің, бекзаттылықтың кемуі) келеңсіз мәселелер бел алып барады.
Біз ұсынып отырған кешенді кұрастыру мынадай қағидалы ережелермен анықталды.
1. Накты болмыстағы сұлулықты тану музыка сабақтарында, жоғарыда айтқанымыздай, төмеңгі сынып оқушыларының өмірдің әр түрлі жағдайларын әсерлі-рухани зерделеуге себеп болатын эстетикалық әрекеттер туғызуы арқылы жүзеге асырылады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, сабақта өнер, табиғат құбылыстарын, адамның мінез-құлқын бағалауға және талдауға көмектесетін маңызды кезеңдік түсініктер жүйесі ашылады.
2. Бірінші сабақтан бастап окушылардың алған білімінің пәндік ақпараттық негізінде, өнер мен өмірдің өзара далектикалық байланысы идеясын ойын түрінде игеретін әр түрлі көркем шығармашылық тапсырмаларға белсенді назар аударудың қаңидалық маңызы бар.
Мұғалімге такырыпты, қандай да болмасын мәселені ашу әдісінде толық еркіндік бере отырып, біз мұғалім тарапынан бассыздыкқа, тәртіпсіздікке, өзімшілдкке жол бере алмаймыз, сабақтың ойласып ұйымдастырылуын талап етеміз.
4. Оқушының сабақтағы жұмысында, оның жалпы көтеріңкі мазмұндылығына қоса, әсерлі әрі саналы бастамалардың бірлігі маңызды әдістемелік кағида болуға тиіс. Бұл жағдайда мұғалім оқытудың қайталау түріне (баска пәндердегі дидактикалық әдістің тала-
бы сиякты) емес, шығармашылык ізденіске сүйеңуі қажет.
5. Бір-біріне байланысты музыка сабақтарында сабактың логикалық және әсерлі архитектоникасын құрайтын әсерлі драматургия әдісінің маңызды мәні бар. Сабақ біріккен (оқытушы - оқушы) еңбектің нәтижесінде туатын тұтас, сонымең қоса өсу қозғалысындағы құрылым ретінде ұйымдастырылады.
Балалардың мектепке дейінгімен сабақтаса байланысқан, мектептегі музыкалық-эстетикалық білімінің бастапқы кезеңі, музыка және басқа да өнер әлеміне енудің әсерлі белсенділігін көрсетеді және осы жаска сай: айшықты және өзіндік қабылдау, кейіпкерлер бейнесіне оңай ауысу, эстетикалық өнеге мәселелеріл өз жасына қарай шешу сияқты қасиеттерді ойын әреқеттері арқылы үйлестіруге себеп болады.
Тәжірибелік-байқау жұмысы кезінде мынадай дидактикалық кешен жасалды:
Оқу бағдарламасы:
а) балабақшаға арналған оку бағдарламасы және әдістемелік жинақ (мектепке дейінгі тәрбие);
а) жалпы білім бсру мектептеріндегі бастауыш, орта жәнс жоғарғы бсқыштарда оқытатын "Музыка" пәні бойынша оқу бағдарламасы;
б) жоғары оқу орындарының музыка-педагогика факультеттеріне арналған оку жоспары және арнайы курстардың оқу бағдарламасы.
Окулықтар және оқу құралдары:
а) "Әсем саз" — бастапқы басқыш окушыларына арналған оқулық;
ә) "Елім-ай" — бастауыш сыпып мұғалімдеріне арналған оқу құралы;
б) фоно-аудио-бейне хрестоматиялары, барлығы 22 басылым (пластинка, афиша, альбом, плакат, эстампт, т.б.).
дипломы 2011 года