Ресейдің мәдени өмірі
[ скачать ]
Кіріспе
ХVІІІ ғасырда орыс өнері Европаның шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Францияға қарағанда оның темпі және ритмі өзгеше, акценті өзінше қойылған, жаңа бағытта салынған. Шыныменде, Ресейде тарихи жол деп ерекшелеуге болады.
Франциямен салыстырғанда ХVІІ ғ.-ХVІІІ ғ. 1710 ж. аяғында - өнер жағынан өте төмен келеді. Ресейде Петр дәуірінде жаңа тэмке келіп, құрылыстар салынып тез гүлденді.
Петр Сухарев башнясын (1692-1710) математикалық, астрономдық обсерватория және «навигоциялық» мектептерді, былайша айтқанда монументалдық қоғамдық ғимараттар салдырды.Бірінші классикалық ордер Москвада Лефортовск сарайы 1707-1708ж. ою-өрнектермен безендірііліп, фротондар қақпада ереже бойынша салынған. / 1/
ХVІІ ғ. мен ХVІІІ ғ. Ресейде Батыс Еуропа елдері арасында мәдени байланыс күшейе түсті. 1757 жылы Санк-Петербург қаласында Еуропа типтегі көркемсурет академиясының негізі қаланды. ХVІІІ ғасырдың басында ХVІІ ғасырдағы орыс сәулет дәстүрімен сабақтас барокко ( Мәскеудегі Меншиков мұнарасы, Санк-Петерургтегі Қысқы сарай), классицизм үлгісіндегі ғимараттар бой көтерді. /2./
§ 1. Петр реформасы дәуіріндегі Ресейдің мәдени өмірі.
ХVІІІ ғасыр өнерінің гүлденген кезі болды. Петр І реформалары мемлекет экономикасына, ел құрылысына, соғыс істеріне, ағарту ісіне, қоғам санасына, ғылым мен мәдениетке әсерін тигізбей қалған жоқ. Ресейліктер Батыс Европа елдеріне барып, тәжірибе жинап, оқи бастайды. Бұл жағдай әр түрлі жолдармен келе бастады. Шетелде Батыс елдерінің шығармаларын жасау, шетел мамандарын Ресей еліне жұмыс жасауға көндіру және Ресейде шектелдіктер арқылы маман дайындау, мемлекет қаржысына мамандардын өзін - өзі толықтыру мақсатында шетелге саяхатқа шығуы. ХVІІІ ғасыр орыс өнерінің жемісі орта ғасыр орнына ауысып келген жаңа кезең мәдениеті болып табылады. Ресей бұл ауысу кезеңіне Батыс Европадан кейін келеді.
ХVІІІ ғасырда орыс өнерінің жемісі европаның қайта өрлеу мәдениетін қайталап, ағарту кезеңі мәдениетін біртіндеп қоса бастады. Батыс Европаның жас шеберлері де Ресейдің көркемдік шығармашылығына әсер етпей қойған жоқ. Жаңа кезеңдегі тәжірибе канондық тәжірибе бола бастады.
ХVІІІ ғасырда Ресей мемлекетінің ерекшелігі таңғажайып оқиғалары бар шығармалар болды.
Дәуірдің ортасына қарай барокко стилі жайылып, жаңа дәуір жемісі жеңіл өнердің даму ерекшелігі жайлы мазмұн ала бастайды. Барокконың даму кезеңінен кейін (1740-1750) қысқа ғана өмір сүрген рококодан кейін (1750-1760) классицизм кезеңі басталады. Ішкі күші төмен қарай мінезделген барокко ХІХ ғасырдың 30 жылдарына шейін өмір сүреді.