Денсаулыққа қатерлі негізгі факторлар
[ скачать ]
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Денсаулыққа қатерлі негізгі факторлар
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Егемен Қазақстан газеті. 2005 №18
2. «Основы физиологии человека» Агаджанян, Власова, Ермакова.
3. Маринова Ю , Никитина А.А. «Возростная физиология»
Адамның көңіл – күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы, шөлді – шөлейтті жерлердің кеңейуіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандығы белгілі.
Қалалардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол ситяқты көміртегінің оксидімен, күкіртті газбен, азоттың оксидімен ластануы өте жоғары болып тұр.
Мысалы, Атырау өңірінің экологиялық жағдайы нашар.Климат тым континентті, қысы суық, желі қатты, жазы ыстық, жауын-шашыны аз, құрғақшылық басым.Төбеден шақырайған күн радиациясы жаз бойы апталап соғатын желмен қосылып, ауаны жылытып жібереді. Оның үстіне ұзақ жылдар бойы елімізге мұнай мен газ беріп келген өңірдің экологоиялық жай күйіне көңіл айтарлықтай бөлінген жоқ. Облыс жері бұрынғы теңіздің орны. Соңғы жылдары Каспий теңізі көтеріліп келеді. Орман, Жасыл желеңді алатын болсақ бұл жайт облыста өте қиын. Осыдан 6 жыл бұрын әр қала тұрғынына жасыл желең 5,3 ш/метрден болса, қазір бұл көрсеткіш 2 ш/метрге дейін төмендеген. Ал норма бойынша 12 ш/м болуы керек.
Азғыр, Тайсойған әскери полигондарынан ұшқан ракетаның сынықтарынан аяқ алып жүретін жол жоқ. Оларды жинақтау, көму жұмыстарының жүрісі нашар. Облыста бірде – бір таза су көзі жоқ, уақ өзен, көлдер әбден ластанған. Оның үстіне су тазартқыш қондырғылар өте аз.Сол себепті көп ауру осы су көздерінен тарайды. Адамдардың жұтқаны қорғасын, топырағы пистицид, жегені желім өңірде бұрын соңды кездеспеген аурулар көбейіп барады. Адамдар ракпен, жүрек талмасынан, анемиямен ауруда.Осындай экологиялық ауыр жағдай Семей, Қызылорда, Павлодар, Ақтау мен Арал өңірінде де қалыптасқан.
Экология дегеніміз не? «Экология» гректің oikoss – үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана) және логос – ғңылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме - дәл мағынасы экология - «өз үйіңдегі» организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни «Организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты» немесе олардың бір-бірінің байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология – ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып үйретіп немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.
Гусеничный экскаватор в аренду:
услуги спецтехники. |
оформление наследства