Бөкей Орда
[ скачать ]
Кіріспе
Қазіргі кездегі биология ілімінің маңызды мәселесі-биогеоценоздардың биологиялық өнімділігінің қалыптасу заңдылығын зерттеу. Бұл міндет актуальдігі тек қазіргі кездегі өсімдік және топырақ жамылғысының экологиясы туралы сұрақтың маңыздылығының теориялық негізі ғана емес, сонымен қатар ауылшаруашылықтың-өндірістік тәжірбиемен қамтамасыз етілуін анықтау шешеді.
Биогеоценоз өнімділігі генезистің көрінуі, яғни оның негізгі компоненттерінің өсімдік және топырақ жамылғысының көрінісі.
Жер өндеу және жануар мал шаруашылығы үшін алынатын ақпаратты бақылау өте қиын, себебі биогеоценоздағы биологиялық айналым заңдылықтары туралы білім дақылдардың өнімділігін көтеруге, сонымен қатар жайылым мен шабындықтың өнімділік мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.
Табиғи жүйелердің өнімділігін оқудың тағы бір маңызды аспектісі көпжылдық кесінді-табиғи ресурстарды қорғау.
Қазіргі кезде ғылымның дамуы көптеген бағыттардың пайда болуымен сипатталынады. Биогеоценоздағы өнімділік процесстердің заңдылықтарын білу негізінде өсімдік және топырақ жамылғысының биосфералық функциясын сақтауға мүмкіндік туады. Биогеоценоз компоненттерінің өзара әрекеттесуін зерттеуді, тереңдетудегі маңызды рөлді-ботаник, топырақтанушы, биолог және географ, сонымен қатар өзге де көптеген мамандар атқарады.
Соның ішінде негізгі, өзінің қажеттілігін дәлелдеген, көптеген фундаментальды сұрақтарға жауап берген-«Өсімдік-топырақ» жүйесіндегі процесстердің алмасуын оқу міндеттемесі болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты Сайқын стационарының антропогендік күш түскен өсімдік қауымдастықтарындағы биологиялық өнімділігін анықтау.
Жұмыстың міндеті: