Табиғат құбылыстарын бақылай отыру нәтижесінде тірі организмдер қоршаған ортамен байланысқа түсетіндігі және оны түрлі мөлшерде өзгертетіндігі анықталды. 17 ғасырдың басында биосфера туралы алғашқы мәліметтерді голландиялық ғалымдар Б. Варениус (1629-1695), Х. Гюйгенс, және де танымал француз журналисті Ж. Бюффон (1707-1788) еңбектерінде кездестіреміз. Кейін, француз журналисті Ж.Кювье (1769-1832) тірі организмдер тек қана қоршаған ортамен байланысу арқылы ғана өмір сүре алады деп жариялайды. Басқа зерттеушілер – француз химиктері Ж. Б.Дюма (1800-1884), Ж. Бусенго (1802-1887), неміс химигі Ю. Либих (1803-1873) жасыл өсімдіктердің әлемдік газ алмасу процесіндегі және топырақ ерітінділерінің өсімдіктер қоректенуіндегі маңызын атап көрсетті. Көптеген ғалымдар организмдердің өздерінің қоршаған ортасымен байланысын зерттеп алды, соның нәтижесінде биосфера туралы жалпы мағлұматтар жинақталына бастады. Ж. Б. Ламарк өзінің «Гидрогеология» атты еңбегінде бүкіл 1 тарауды тірі организмдердің жер бетіне тигізетін әсеріне арнады. Ол былай жазды: «...табиғатта аса ірі күш бар, ол аса қуатты және әрқашан активті болады. Тірі организмдердің түрлі жер бетінде орналасқан заттарға әсері оның сыртқы қабатын құрайды». Бұл сөздерді негізге ала отырып, тірі организмдердің және олардың шірінділерінің үлкен, әрі маңызды геологиялық рөлі бар деп айта аламыз. Ұлы географ және натуралист А. Гамбольд (1769 - 1858) өзінің «Космос» атты еңбегінде сол кездегі Жер және Ғарыш туралы білімдерді жинақтады. Осыны негізге ала отырып, ол бүкіл табиғи процесстермен құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы идеяны дамыта түседі. Жердің биосферасының анықталған табиғи жүйе ретінде өмір сүруі, біріншіден, бүкіл тірі организмдерінің қатысуымен өтетін энергия және заттың айналымымен сипатталады. Бұл айналым идеясы неміс натуралисті Я. Молешот еңбегінде көрсетіледі. Ал, XIX ғасырдың 80-жылдарда неміс физиологы В.Пфеффер (1845- 1920) ұсынылған тірі организмдерді қоректену әдістеріне байланысты 3 топқа (автотрофті, гетеротрофті, миксотрофті) бөлу идеясы ғылымда үлкен жаңалық болды.
Предлагаем бесплатный доступ к скачиванию курсовых работ и рефератов.
Для получения работы бесплатно вам необходимо выслать работу из своей коллекции для обмена на адрес info@volnakz.com и дождаться её проверки (не дольше 1-го дня) в письме обязательно укажите номер архива скаченной вами работы, для получения пароля.
Критерии к работам для обмена:
1. Уникальность,
2. Объем не менее 10 страниц,
3. Язык русский и казахский,
4. Файл должен быть формата Word.
Если вас не заинтересовала наша акция, вы можете посетить сайты наших партнеров:
Рефераты, курсовые работы, скачать реферат, Казахстан