Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады.Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе баска өндірістсрге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев "Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" деп айтқан. Сонымен катар ол озат технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен кайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады. Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 миллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтсрге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс калдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. т түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады (4 млрд. т — тау-кен өндірісінікі, 1,1 млрд. т байыту фабрикаларыныкі және 105 млн. т металлургиялық өндеу процестерінен шыққан қалдыктар). Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының түндырғыштарында көп мөлшерде сұйык қалдыктар жинақталған. Қалдыктардың 70-75%-і тау-кен өнді-рістерінен, 20%-і байыту және қалғандары металлургия көәіпорындарынан пайда болады. Қалдықтардың негізгі көлемі тау-кен қазбаларынан, металлургия, химия, мүнай және газ, ағаш, қағаз, қүрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауылшаруашылығы мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады.
Предлагаем бесплатный доступ к скачиванию курсовых работ и рефератов.
Для получения работы бесплатно вам необходимо выслать работу из своей коллекции для обмена на адрес info@volnakz.com и дождаться её проверки (не дольше 1-го дня) в письме обязательно укажите номер архива скаченной вами работы, для получения пароля.
Критерии к работам для обмена:
1. Уникальность,
2. Объем не менее 10 страниц,
3. Язык русский и казахский,
4. Файл должен быть формата Word.
Если вас не заинтересовала наша акция, вы можете посетить сайты наших партнеров:
Рефераты, курсовые работы, скачать реферат, Казахстан