Шикізат және қосымша материалдар
[ скачать ]
Жер байлықтары – бұл биосфераның минералдық негізі, табиғаттың бірінші құрылымды бөлігі. Жер байлықтарының бастысы – пайдалы кендер. Пайдалы кендерге барлық табиғи минерал байлықтары жатады. Олар өнделген күйде немесе мол бірінші табылған күйінде пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, пайдалы тастар, отындық материалдар сол күйінде пайдаланылады, ал мыс, қорғасын, темір т.б. қазбалы байлықтап өндегеннен кеін ғана кәдеге жарайды. Көптеген табиғат ресурстары жердің сыртқы қабатында жатады. Минералды ресурстар суда да болады. Мысалы, сулардан фосфорды, калиді, магнийді, темірді т. б. өндіруде пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер мол.
Минералды кен ресурстары өздерінің, табиғи сапасына және пайдалану
1) Отын-энергетика ресурстары — мұнай, газ, көмір, жанатын сланец, торф, уран т. б.
2) Кен ресурстары — темір және марганец рудалары, хромит, боксит, мыс, қорғасын-мырыш, никель, вольфрам, молибден, қалайы, бағалы металл рудалары т.б.
3) Тау-химия шикізаттары — апатит, фосфорит калий, магнезий, ас түзы, күкірт, барий, тау рудалары, және иод қоспалары бар ерітінділер т. б. (4-сурет).
4) Табиғи құрылыс материалдары, минералды руда емес табиғи қазбалар — мрамор), гранит, азот, тау хрусталы, корунд, алмаз т. б.
5 Су минералды ресурстары — жер асты тұщы сулары мен минералды сулар. 1926—1983 жылдары жүзіндегі минералды ресурстар өндіру 252,8 млр; болды, оның ішінде көмір —128,4 млрд т, мұнай конденсатын қоса есептегенде) — 67,3, темір рудасы 26,2 млрд т, табиғи газ —30,8 трлн м3 болды. Сонғы жылда минералды шикізатты өндіру қарқыны бұдан 100 жыл бүрынғы мөлшерінен асып түсті. Мұның.өз көптеген региондардың экологиялық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырды.
Дүние жүзінде жыл сайын жер қойнауынан 100миллиард тоннадан астам руда түрлері, құрылыс материалды көмір, мұнай т. б. өндіріледі. Осы өндірілген шикізаттардан 850 млн тонна металл түрлері қорытылып 100 млн тоннадан астам тыңайтқыштар, 4 млн: тонна түрлі улы қосылыстар, 50 млн тоннаға жуык, синтетикалық материалдар алынады.
Обратите внимание. На этом
новом сайте sftp кабель продаётся намного дешевле. | Статьи по стоматологии:
стоматология петербург.