Кіріспе Қазақстан Республикасының катаң түрде орталыктандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа мемлекет тарабынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі, елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногының кұрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бүрын-соңцы болған емес. Қаржы рыногы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жүмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табьшады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жүмыс күші, түрғын үй, жер, алтын және т.б ) етене байланысты. Бағалы қағаздар рыногы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы кағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бүл рыноктың жүмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялык процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүған осы рыноктың қор күрылымдарының, бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандылығымен қол жетеді. Қазіргі экономикалық жағдайымызда әлемдік нарыққа енуіміздің өзектілігі, бағалы қағаздар нарығына байланысты жинақталған барлық қүндылықтарды үйрену және қабылдау болып табылады. Қазақстанда енді қалыптасқан қор нарығы әзірге жеткіліксіз жағдайда реттелуде, оған қол жеткізу үшін инвесторлардың мүддесін қорғайтын және бағалы қағаздар нарығының түрақтылығын қамтамасыз ететін зандылықтарды тез арада дайындау керек. Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшілік-әміршілдік арқылы баскарудың мүмкін еместігін алдын-ала дәлелдеп берді. Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі кәсіпорынды мүліктік жацапкершілігі анықталған заңды түлғалар қүкықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мүны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс қүралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бүл өндіріс қүралдарына қоғамдық иемдену қүқығы мен жеке меншік күқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді. Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бүл әсіресе күрделі жүмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты. Осы себептер дипломдык жүмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді. Курстық жүмыстың максаты - бағалы кағаздар нарығын қаржы нарығының қүрамды бөлігі ретінде қарастыра отырып, оның жүзеге асыру тәртібін, және мемлекеттік реттеу жолдарын қарастыру.
Предлагаем бесплатный доступ к скачиванию курсовых работ и рефератов.
Для получения работы бесплатно вам необходимо выслать работу из своей коллекции для обмена на адрес info@volnakz.com и дождаться её проверки (не дольше 1-го дня) в письме обязательно укажите номер архива скаченной вами работы, для получения пароля.
Критерии к работам для обмена:
1. Уникальность,
2. Объем не менее 10 страниц,
3. Язык русский и казахский,
4. Файл должен быть формата Word.
Если вас не заинтересовала наша акция, вы можете посетить сайты наших партнеров:
Рефераты, курсовые работы, скачать реферат, Казахстан