Экономикалық жүйе курс
[ скачать ]
Экономикалық жүйе экономиканың өзара біріккен, белгілі бір үлгіде реттелген элементтердің жиынтығы болып табылады. Осының барлығы бірігіп, қоғамның экономикалық құрылмын құрады. Экономиканың жүйелік қасиетінсіз экономикалық институттар мен қатынастар жаңғыртылмайтын, ал экономикалық заңдылықтар, экономикалық құбылстар мен процесстердің теориялық түсініктемесі, мағынасы немесе арнайы бағытталған, әрі тиімді экономикалық жүйе болмайтын еді.
Экономикалық жүйенің жұмыс атқаруының дұрыс, әрі ғылыми дәлелденген заңдылықтарды анықтау әрқашан да өте маңызды рөлге ие болды.
Шын мәнінде өз қызметін атқаратын экономикалық жүйелер тек ғылыми экономикалық жүйелерде ғана кедеседі. Кеңестің экономикалық әдебиеттерінде экономикалық жүйені зерттеушілердің арасында аса танымал К. Маркс, Герасимов Н.В., Черняк В.К., Я. Корнаи болған.
Экономика ғылымының дамуының қазіргі кезеңінде экономика туралы жүйелік түрде түсінік беруге аса үлкен назар аударылып отыр. Батыс әдебиеттерінде жүйені анализдеуді «Постиндустриялды қоғамның келу» атты еңбегінде Белл, «Жаңа индустриялды қоғам» және «Экономикалық теория және қоғамдық мақсаттар» атты еңбектеріңде Гэлбрейт, сонымен қатар Арон, Дракер, Ростоу, Тофлер жүргізген. Олар экономикалық жүйені экономикалық зерттеулердің аса маңызды обьектісі ретінде қарастырды.
Берілген курстық жұмыстың қазіргі таңдағы өзектілігі айқын болып келеді. Еліміз әкімшіл-әміршіл жүйеден жаңа нарықтық экономикаға ауысуына байланысты өтпелі экономиканың мәселелерін шешуде көптеген зерттеулер қажет. Мемлекетіміздің өзіндік экономикалық ерекшеліктеріне сай нарықтық экономиканы бейімдеу қажет.