Коммерциялық банктердің теориялық аспектілері
[ скачать ]
КІРІСПЕ
Банктер-нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы-нарықтық механизмін нақты құруға қажетті жағдай болып табылады.
Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Ұзақ уақыт бойы банктер мемлекеттік ұйым болып табылады және экономиканың «мәнсіз бөлігі»ретінде қызмет атқарады.Нәтижесінде банк ісін ұйымдастыру Ресей банктерінің дәстүрін және тәжірибесін жоғалтты. Бүгінгі таңдағы мақсат, нарықтық экономиканы құра отырып, біз банк ісін ұйымдастыра отырып әлемдік деңгейге шығуымыз қажет.
Банктер нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмін нақты құруға жағдай болып табылады. Сонымен қатар, банктер өндірістің материалдық және материалдық емес сфераларының даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді.
Банктер арқылы эканомиканың әр түрлі салаларынан капиталдың көбеюі жүзеге асып, өндірістің үдерісі үздіксіз дамиды. Екінші деңгейлі банктердің қызметінің дамуы мен жетілдірілуі Қазақстан экканомикасына үлкен септігін тигізеді.
Осыдан келе дипломдық жұмыстың тақырыбы мәселелі және жан-жақты болып табылады.
ОАЭ из Краснодара