Еңбек тәртібі және оның мәні
[ скачать ]
Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қыметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсұну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады.Еңбек тәртібі сендіру және мәжбурлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін қолдану қызметкерлердің әкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны көтермелеу шаралары болып табылады.
Мәжбурлеу әдісі сендіру әдісі кажетті нәтижелерге кол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзғаны үшін колданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады.
Еңбекті ұйымдастырудағы жұмыс берушінің міндеттері:
> еңбек жарақатьша жол бермейтін техника кауіпсіздігнің осы заманы құралдарын өндіріске енгізу;
> қызметкерлердің кәсіби жөне баска да наукастарға шалдығуының алдын алатын санитарлық-гигиеналық шараларды камтамасыз ету;
> қызметкерлердің кауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды орындауын бақылайды.
Жұмыс беруші еңбектегі табыстары үшін қызметкерлерді көтермелеудің әр түрлі нысандарын колдана алады. Көтермелеудің түрлері мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттар және жұмыс берушінің актілері арқылы анықтала-ды. Бұл — бағалы сыйлықпен марапаттау, сыйакы беру, алғыс жариялау және басқалары болуы мүмкін. Көтермелеу туралы шаралар деректері еңбеккітапшасына жазылады.