Кеңес мемлекетінің қалыптасуы
[ скачать ]
1917 жылдың күзіне қарай Ресейде жағдай шиеленісе түсті. Уақытша Үкімет Құрылтай жиналысына дейін мәселелерді шешпей кейінге қалдырып отырды. Армия дамыды, ірі қалаларда аштық болды. Сол уақытта басқарудың әрекет етуші жүйесі пайда болған жоқ, бұл елдегі анархияға алып келді. Саяси партиялар Жалыресейлік Құрылтай Жиналысына белсенді дайындалуда болды, соғыстан қалжыраған халық тез өзгерістерді талап етті.Бұл ахуалды кейбір сол саяси күштер пайдаланып қалды, олардың орталық ядросы Ресей Социалистік Демократиялық жұмысшылар партиясы (большевиктер) болды. 6 қазаннан 7 қарашаға қараған түні «Уақытша Үкімет» тұтқынға алынды және астанадағы билік Петрофад Кеңесінің қолына көшті. Бұл төкеріске жұмысшылар мен солдат депутаттарының ІІ Жалпыресейлік Съезді анықталған заңдылық беруге тырысты, онда 1917 жылдың 7 қарашасындағы ел билігінің Кеңестерге көшуі жарияланды. Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) жаңа үкіметі пайда болды, биліктің жоғарғы органы - Жалпыресейлік Орталық Атқару комитеті және оның Президиумы қалыптасты. Алғашында бұл органдардың құрамына большевиктермен қатар басқа социал-революционерлер, анархистер және тағы басқа солрадикалды партиялар кірді, бірақ 1918 жылдың ішінде большевиктер барлық билік құрылымынан одақтастарды ысырып шығарды және бір саяси партияның гегемониясын орнатты.
Болшевиктер билікке келгеннен кейін Құрылтай Жиналысына шақыру дайындығын жалғастырды, бірақ оны күтпей халыққа әйгілі құжаттар «Жер туралы» декрет, «Бейбітшілік туралы» декрет, «Жұмысшылар және қаналушы халық құқықтары декларациясын» қабылдады. Болшевиктер өз билігін Құрылтай Жиналысымен заңдастыруды жоспарлады, бірақ 1917 жылдың 25 қарашасында өткен тікелей, жалпы және тең сайлау билік етуші партияның жеңілуіне алып келді.Жалпы алғанда Реседе ол 25% дауысқа ие болды, нақты жеңісті социалистік партиялар – оң эсерлер және меншевиктер иеленді. Қазақстанда Алаш партиясы сенімді жеңіске жетті.
Демократиялық сайланған және Ресейдің барлық халқы атынан өкілдік еткен Құрылтай Жиналысы большевиктер билігін заңдастырудан бас тартты, сондықтан соңғылары елдің даму мүмкіндіктерін аяқтап оны таратты. ІІІ Жалпыресейлік Кеңестер съезі (1918 жылдың 26-31 қаңтары) «Ресей халықтарының еркін одағы» негізінде жаңа мемлекеттің Ресей Кеңес Федеративті Республикасының құрылуы туралы жариялады. V Жалпыресейлік Кеңестер съезі 1918 жылдың 10 шілдесінде РКФР Конституциясын қабылдады, бұл билік органдарының жаңа жүйесін және мемлекеттік құқықтық жүйенің жаңа прициперін заңды бекітті. Кеңес мемлекеттілігінің генезисі әрі қарай азаматтық соғыс жағдайларында өтті.
Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы. Қазақстанда Қазан төңкересі қырағылықпен қарсыланды. Мұнда пролетарлық революцияның идеяларын кеңінен тарату үшін әлеуметтік негіз болған жоқ, саяси күштердің үлкен бөлігі Құрылтай Жиналысы арқылы мәселелерді заңды шешуге тырысты. Бірақ кейбір аудандарда, соның ішінде оңтүстік Қазақстанда және ірі қала орталықтарында 1917 жылдың күз қысында биліктің жергілікті Кеңестер құрамына көшкендігі жарияланды. 1917 жылдың қарашасында Ташкент қаласында ІІІ Түркістандық Кеңестердің аймақтық съезді кеңес билігінің орнағандығын жариялады. Пролетарлық революцияның әлеуметтік базасы жоқ аймақтағы жаңа режимнің мұндай сөзсіз қолдауы көбіне 1916 жылдағы оқиғаның қайталануы алдында қорқынышпен шартталды. Егер билік аймақта орыс тілді халықтардың сақталуына кепілдік берсе, онда басқарушы элита кез келген орталық билікті қолдауға дайын болды. Бұл Түркістандағы кеңес билігінің бірінші шешімдерінен айқын көрінді, онда мемлекеттік органдарды басқаруға бөтен халықтардың (қырғыз, өзбек, қазақ, түркімен) мүмкіндігі жоқ екендігі айтылды. Сөйтіп, Түркістандағы кеңес билігі патшалықтың колониялық саясатының жалғасы болды.
Cobra RU 775 | Электрические тепловые пушки Veab:
тепловая пушка электрическая. Тепловая пушка ТВ- 5, 5КВт, 220В.