Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері
[ скачать ]
Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады. Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: “Есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс”.
Қылмыс субъектісі – ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып алу т.б.) қылмыстық жауапқа адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауру, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгурететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасаған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
ҚК-тің 14-бабының екінші бөлігінде қылмыстық заңның аса маңызды қағидаларының бірі – азаматтардың заң алдында тең екендігі заң жүзінде бекімін тапқан: “Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей”. Бұл қағида сонымен қатар, конституциялық та болып табылады, себебі, ол Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабына негізделген.
Тек жеке адам ғана қылмыс субъектісі бола алады. ҚК-тің 14-бабының бірінші бөлігінде айтылған жеке адамдар – Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары. Бұл ҚК-тің 6 және 7-баптарының мазмұнынан туындайды.
Қылмыс субъектісі ретінде тек жеке тұлғаларды тану – заңды тұлғалар, яғни мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қылмыс субъектісі бола алмайды дегенді білдіреді. Осыларды айта келе, Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және бойында қылмыстық заңда көзделген белгілері бар жеке тұлға.
информационная табличка
информационные таблички табличка из металла Таблички.